Соңғы тиынына бір тал гүл сатып алған: Александр Усик пен жарының махаббат хикаясы

Соңғы тиынына бір тал гүл сатып алған: Александр Усик пен жарының махаббат хикаясы

фото: 24tv.ua. Суретте: Александр Усик пен жұбайы

Украиналық боксшы Александр Усик пен жары Екатерина арасындағы шынайы махаббат мектеп қабырғасынан бастау алған. Олар алғаш рет Симферопольдегі мектепте танысып, кейіннен бұл достық үлкен сезімге ұласқан, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Александр 15 жаста, ЕкатерТегтерина 14-ке енді толып жатқан кезі еді. Бастапқыда Екатерина оны жай ғана дос ретінде қабылдаса, Александр өз сезімін ашық білдіре бастаған.

Бір күні Александр Екатеринаға: "Егер бүгінгі жекпе-жекті жеңсем, кешке кездесуге барасың ба?" – деп сұрайды.

Сол кезде қарсыласына әділетсіз түрде жеңіс берілгенімен, Усик соңғы ақшасына бір тал раушан гүл сатып алып, қызға кездесуді ұсынады. Екатерина келісімін берген, кейін ол бұны мейірімнен туған шешім болғанын мойындаған.

2009 жылы үйленіп, олар төрт баланы тәрбиелеп отыр. Үлкен қыздары Елизавета 2010 жылы дүниеге келсе, одан кейін ұлдары Кирилл мен Михаил, соңғысы – 2024 жылы туған қызы Мария. Елизавета қазіргі таңда Украинада тұрып, спортпен шұғылданады.

Соғыстың салдары отбасы өміріне де әсер етті:
– Балалар Испанияда тұрады
– Екатерина мен қыздары Украинада
– Киев облысындағы Ворзель ауылындағы үйлері соғыста бүлінген, қазір оны толық бұзып, қайта салмақшы

Осындай қиындықтарға қарамастан Александр Усик: "Мен жан жарыммен бірге болғым келді, көп балалы отбасын армандадым – сол арманым орындалды», – деп ағынан жарылды.