"Отшашу атып, мазасын алды": шымкенттіктер түнімен қарсыластарына ұйқы бермеді (ВИДЕО)

"Отшашу атып, мазасын алды": шымкенттіктер түнімен қарсыластарына ұйқы бермеді (ВИДЕО)

фото: sportinside.kz. Суретте: "Торпедо Кутаиси" командасының ойыншылары

Қазіргі уақытта шымкенттік "Ордабасы" клубының жанкүйерлері грузиялық "Торпедо Кутаиси" командасының ойыншыларына ұйқы бермей жатыр, деп хабарлайды Sportinside.kz.

УЕФА Конференция лигасының іріктеу кезеңі аясында кездесетін "Ордабасы" – "Торпедо Кутаиси" клубтарының матчы алдында жанкүйерлер тосын әрекетке барды. Шымкенттік клубтың жанкүйерлері грузиялық клубтың ойыншылары жатқан қонақ үйдің маңында отшашу атып, ұйқы бермей жатыр. Бұл "Ордабасы" жанкүйерлерінің грузиялық жанкүйерлерге қайтарған қарсы жауабы болып саналады. Өткен аптада грузиялық жанкүйерлердің Шымкент командасы тоқтаған қонақ үй алдына жиналып, оларға тыныштық бермей, көлік сигналдарын басып, түрлі айқай-шулар ұйымдастырғаны туралы жазған едік.

Айта кетейік, Грузияда өткен алғашқы ойында жергілікті команда 4:3 есебімен жеңіске жеткен болатын. Ал қарымта кездесу бүгін, сағат 21:00-де Шымкентте өтеді.