"Түнімен ұйқы бермеді": "Ордабасы" футболшыларына грузиялық жанкүйерлер қысым көрсетті (видео)

"Түнімен ұйқы бермеді": "Ордабасы" футболшыларына грузиялық жанкүйерлер қысым көрсетті (видео)

фото: видеодан скриншот. Суретте: "Торпедо" командасының жанкүйерлері

"Ордабасы" футболшылары Кутаиси қаласының "Торпедо" командасының жанкүйерлерінен қысым көрді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Әлеуметтік желіде тараған видеода грузиялық жанкүйерлердің Шымкент командасы тоқтаған қонақүй алдына жиналып, оларға тыныштық бермей, көлік сигналдарын басып, түрлі айқай-шулар ұйымдастырғаны көрініс тапқан.

Айта кетейік, бүгін, 10 шілдеде УЕФА Конференция лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясында Кутаисидің "Торпедо" командасы мен Шымкенттің "Ордабасы" клубы арасында матч өтеді. Кездесу "Торпедо" командасының алаңы – "Рамаз Шенгелия" стадионында болады. Жауапты матч 17 шілде күні Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өтеді.