фото: sportinside.kz. Суретте: Бусеназ Сюрменали
Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай түрік құрбысы Бусеназ Сюрменалиге Көлсай көлдерін көрсетіп таңғалдырды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Назым Қызайбай Instagram желісіндегі ресми парақшасында түрік боксшысы Бусеназ Сюрменалиді қыдыртып жүрген видеосын жариялады. Бұл жолы ол құрбысын Көлсай көлдеріне апарып, еліміздің тұмса табиғатын көрсетті.
Бусеназ Сюрменали 2021 жылы Токиода өткен Олимпиадада топ жарған. Сондай-ақ ол үш мәрте әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алды.
Еске сала кетейік, Назым Қызайбай боксшы Бусеназ Сюрменалиге бешбармақ дәмін татқызып, бір шошытып алған еді.