фото: qfl.kz. Суретте: Ермұхамед Мәулен
Танымал футбол комментаторы Ермұхамед Мәулен Sadaq Media YouTube арнасында еліміздегі стадион мәселесі туралы шындықты айтты, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Сұқбат барысында Ермұхамед Мәулен Орал, Атырау, Ақтөбе секілді қалалардағы стадион мәселесінің ушығып кеткенін жеткізді.
"Қазақстанда стадион мәселесін қозғау өте қиын. Айтайын: Оралға бардың, ол жақта Петр Атоян атындағы стадион бар. Петр Атоянның кім екенін білмейсің ғой сен?! Соғыстан кейін салынған, Кеңес өкіметінің қалдығы боп кеткен ғимараттар. Оны 6 миллион еуро бөліп, краскілеп, жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Сосын қайтадан жабыстыра береді, жабыстыра береді... Қаланың жәдігері болып тұрсын. Бірақ ол футбол ойнайтын жер емес.
Ал Атырауда стадион жоқ. Мен осыдан 4-5 айдан бұрын барсам, Атыраудағы стадионда футбол ойнауға тыйым салды. 12 мың адамдық шағын стадион салуға болады ғой?! Кез келген әкімдікке барсаң, "стадионның құрылысы 2032 жылы осындай болады" деген макеттер бар. Бірақ бәрі өтірік, ешкім салмайды. Президент Тоқаев Ақтөбеге барған кезде қала әкімі стадионның макетін көрсетті. Ол да созылды. Бір тасы домаламады әлі. Сол күйі тұр. Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзі өтпей жатса...", – деді Ермұхамед Мәулен.
Еске сала кетейік, Ермұхамед Мәулен қазақ футболшыларының ұлттық құрамада ойнауға құлықсыз екенін айтқан еді.