"Жауапкершілік жоқ, көңілі толмайды": ұлттық құрамада ойнағысы келмейтін футболшылар кімдер?

"Жауапкершілік жоқ, көңілі толмайды": ұлттық құрамада ойнағысы келмейтін футболшылар кімдер?

фото: kff.kz. Суретте: футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы

Танымал футбол комментаторы Ермұхамед Мәулен Sadaq Media YouTube арнасында қазақ футболшыларының ұлттық құрамада ойнауға құлықсыз екенін айтты, деп хабарлайды Sportinside.kz.

"Атын атап, түсін түстемей-ақ қояйын, бірақ қазіргі құрамда ұлттық құрамада ойнағысы келмейтін футболшылар бар. Себебі олар бапкерлер құрамындағы адамдар мен футбол федерациясындағы басшылыққа көңілі толмайды. Олар өз елінің намысын қорғап жатырмыз деген сезімді бастан кешірмейді. "Бұл менің Отаным, мені туған-туысым, жақындарым қарап отыр" деген жауапкершілік жоқ", – дейді Ермұхамед Мәулен.

Оның айтуынша, әрбір ойыншымен шын көңілмен сөйлесіп, жүрегіне жол табуға болады. Бұны кезінде бұрынғы бас бапкер Магомед Адиев жақсы меңгерген болатын.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы үш ойын өткізді: наурызда Уэльс құрамасынан 1:3 есебімен жеңіліп, кейін сырт алаңда Лихтенштейнді 3:0 есебімен жеңді, ал маусым айында Солтүстік Македонияға 0:1 есебімен жол берді.