фото: әлеуметтік желіден. Суретте: Ермұхамед Мәулен
Елімізге белгілі спорт комментаторы Ермұахмед Мәулен қазіргі уақытта қазақ футболындағы жік-жікке бөліну туралы өз ойын ортаға салды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Ермұхамед Мәулен Sadaq Media YouTube арнасына берген сұқбатында қазіргі кезде қазақ футболында келісілген матч өте көп екенін айтты. Сондай-ақ бұл мәселені жоғары жақтан шешіп қоятын мәртебелі адамдар да бар.
"Мен егер шындықты айтсам, маған қоқан-лоқы көрсетеді. Қазақ футболында неше түрлі бандиттер бар, өріп жүр олар. Қазақ үш жүзге бөлінсе, қазақ футболы төртке бөлінеді. Одан да көп. Қазақ футболын төртеуі төрт жерден WhatsApp-пен басқарып отыр. Олардың әрқайсысы мені өзіне тартқысы келген. Біздің мүддемізді қорға дегендер де болған", – дейді Ермұхмед Мәулен.
Еске сала кетейік, Ермұхамед Мәулен осыған дейін ұлттық құраманың ішкі атмосферасына қатысты шынайы әрі өткір пікірін білдірген еді.
Сондай-ақ футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының экс-баспасөз хатшысы Ермұхамед Мәулен елден кететін айтып, тосын мәлімдеме жасаған.