Атақты орыс хоккейшісі Түркиядағы демалысына 53 миллион теңге қаржысын жұмсаған

Атақты орыс хоккейшісі Түркиядағы демалысына 53 миллион теңге қаржысын жұмсаған

фото: Jeanine Leech/Icon Sportswire via Getty Images. Суретте: Александр Овечкин

NHL-дің "Вашингтон Кэпиталз" клубының капитаны және шабуылшысы Александр Овечкин Түркияда демалып, бұл демалысқа 102 мың доллар (8 миллион рубль немесе 53 миллион теңге) жұмсаған. Бұл туралы Sportinside.kz тілшісі Shot басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның мәліметінше, хоккейші маусым айының басында Түркияның Кемер қаласындағы бес жұлдызды қонақүйдің вилласын бір айға толықтай жалға алған. Ол жақтан сейсенбі күні Мәскеуге оралған.

Овечкин тұрған виллада бассейн, джакузи, сауна және жеке жағажайға шығатын жол бар. Бұл жерде бір уақытта 12 адамға дейін тұра алады.

Вилланың оқшау орналасқанына қарамастан, Овечкин жиі өзге демалушылармен араласқан: жағажайда волейбол ойнаған, жаттығу өткізген және жанкүйерлермен суретке түсуге де қарсы болмаған.

Сондай-ақ демалыс кезінде ол Ресей құрамасының бұрынғы футболшыларымен, ҚХЛ президенті Алексей Морозовпен, НБА-ның бұрынғы баскетболшысы Тимофей Мозговпен және басқа да танымал адамдармен кездескен.