Хоккей

Қазақстан құрамасының көшбасшысы 165 миллион теңгеден айырылып қалды

Ахмет Қанатұлы
Қазақстан құрамасының көшбасшысы 165 миллион теңгеден айырылып қалды
Фото: Adil Abdrakhmanov / Getty Images

Қазақстандық хоккейші Никита Михайлис "Металлург" клубымен жаңа келісімшартқа бұрынғыдан төмен жалақыға қол қойды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Қазақстан құрамасының көшбасшысы келісімді ұзарту үшін айлықтан бас тартуға мәжбүр болған.

"Спорт-Экспресс" басылымы хабарлағандай, келесі маусымда ойыншының жалақысы жылына 55 миллион рубльді құрайды, ал 2026/27 маусымында – 60 миллион рубль болады.

Еске салайық, 2024 жылы Михайлис "Металлург" құрамында Гагарин кубогын жеңіп алып, клубпен жаңа келісімшарт жасаған болатын. Ол келісім бойынша 2025/2026 маусымы соңына дейін жылына 80 миллион рубль алуы керек еді.

Осылайша, хоккейші 2025 жылдың соңына дейін таба алатын 25 миллион рубльден, яғни шамамен 165 миллион теңгеден айырылып отыр.

Ахмет Қанатұлы