Басы жарылса да, Бекзад Нұрдәулетов қарсыласын сұлатып тастап, чемпион атанды

6 шілде, 2025 / Ахмет Қанатұлы
kfb.kz. Суретте: Бекзад Нұрдәулетов

Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Бекзат Нұрдәулетов Астанада өтіп жатқан World Boxing Әлем кубогының финалдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

85 кг дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Бекзат Нұрдәулетов ақтық сында Үндістан боксшысы Джугно Джугномен кездесу өткізді. Нәтижесінде қазақ боксшысы төрешілердің шешімімен жеңіліс тапты.

World Boxing Әлем кубогының финалдық жекпе-жектері бүгін, 6 шілдеде өтеді. Қазақстан атынан 12 спортшы алтын жүлде үшін шаршы алаңға шығады. Финалдық жекпе-жектер екі сессияда – күндізгі (14:00) және кешкі (19:00) уақытта өтеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін шаршы алаңға шыққан Назым Қызайбай (48 кг) мен Махмұд Сабырхан (55 кг) алтын медаль еншілесе, ал Нұрбек Оралбай (80 кг) күміс жүлдені қанжығасына байлады.

Тэгтер:

Бокс финал Қазақстан Астана әлем кубогы Бекзад Нұрдәулетов