Алғашқы алтын: Назым Қызайбай Әлем кубогының чемпионы атанды

Алғашқы алтын: Назым Қызайбай Әлем кубогының чемпионы атанды

фото: Richard Pelham/Getty Images. Суретте: Назым Қызайбай

Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Астанада өтіп жатқан World Boxing Әлем кубогындағы финалдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

48 кг дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан Назым Қызайбай финалда Үндістан боксшысы Минакши Минакши қолғап түйістірді. Нәтижесінде Назым Қызайбай қарсыласын төрешілердің шешімімен жеңді.

Айта кетейік, World Boxing Әлем кубогының финалдық жекпе-жектері бүгін, 6 шілдеде өтеді. Қазақстан атынан 12 спортшы алтын жүлде үшін шаршы алаңға шығады. Финалдық жекпе-жектер екі сессияда – күндізгі (14:00) және кешкі (19:00) уақытта өтеді.