фото: Ben McShane/Sportsfile via Getty Images. Суретте: Нұрбек Оралбай
Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Нұрбек Оралбай Астанада өтіп жатқан World Boxing Әлем кубогының финалдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
80 кг дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Нұрбек Оралбай ақтық сында Франция спортшысы Йогерин Сезармен кездесу өткізді. Нәтижесінде франциялық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіліс тапты.
World Boxing Әлем кубогының финалдық жекпе-жектері бүгін, 6 шілдеде өтеді. Қазақстан атынан 12 спортшы алтын жүлде үшін шаршы алаңға шығады. Финалдық жекпе-жектер екі сессияда – күндізгі (14:00) және кешкі (19:00) уақытта өтеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін шаршы алаңға шыққан Назым Қызайбай (48 кг) мен Махмұд Сабырхан (55кг) алтын медаль еншіледі.