фото: sport-express.ru. Суретте: Анастасия Лучкина
Әлеуметтік желіде ресейлік боксшы Анастасия Лучкинаның хайуанаттар бағында орангутанға электронды темекі шегізіп жатқан сәті түсірілген видео кең тарады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Кадрдан спортшының алдымен өзі вейп шегіп, кейін оны маймылға бергені анық көрінеді. Бұл әрекет жұртшылық арасында қызу талқыға түсіп, көптеген сын пікірлер айтылды.
Оқиғаға байланысты Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) президенті де пікір білдіріп, спортшының тәртіптік жазаға тартылып, жарыстардан шеттетілуі мүмкін екенін жеткізді.
Ал Анастасия Лучкина өз қателігін мойындап, аталған видео үшін кешірім сұрап мәлімдеме жасады.