фото: Видеодан скриншот. Суретте: Йоэль Ромеро, Мұратбек Қасымбай, Джон Джонс
UFC-дің бұрынғы ауыр салмақтағы чемпионы, аты аңызға айналған америкалық спортшы Джон Джонс қазақ асынан дәм татып, ұлттық киімін киді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Қазақстандық ММА спортшысы Мұратбек Қасымбай әлеуметтік желіде бейнежазба жариялап, UFC жұлдыздарын – Джон Джонс, жартылай орта салмақтың танымал өкілі Хорхе Масвидаль және кубалық файтер Йоэль Ромероны бешбармақпен қонақ еткенін көрсетті. Сонымен қатар ол әйгілі спортшыларға қазақтың шапанын жауып, ұлттық дәстүрді паш етті.
Айта кетейік, Джон Джонс қазіргі таңда ALF Reality реалити-шоуының бір бапкері ретінде қатысуда. Оның әріптесі – америкалық тағы бір танымал ММА жауынгері Нейт Диаз.
Жасы 37-ге келген Джон Джонс жақында UFC-дегі спорттық мансабын аяқтаған болатын. Оның чемпиондық белбеуі британиялық файтер Том Аспиналға берілді.