«Манчестер Сити» клубтар арасындағы әлем чемпионатында ірі жеңіске қол жеткізді

«Манчестер Сити» клубтар арасындағы әлем чемпионатында ірі жеңіске қол жеткізді

фото: x.com/ManCity

«Манчестер Сити» мен «Аль-Айн» арасындағы матч клубтық әлем чемпионатының шынайы деңгейін көрсетті. Ойын 6:0 есебімен ағылшын ұжымының пайдасына аяқталды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Атлантада өткен бұл кездесуде «Сити» қарсыласын еш мүмкіндіксіз жеңіп шықты. Екі голды Илкай Гюндоган соқты (8 және 73 минуттар), бір-бірден Клаудио Эчеверри (27), Эрлинг Холанд (45+5, пенальтиден), Оскар Бобб (84) және Райан Шерки (89) өз атына жазды.

Аталған матчта Өзбекстан құрамасының жас қорғаушысы Абдуқодир Хусанов бастапқы құрамда алаңға шықты. Алайда ол 61-минутта ауыстырылды. 

«Манчестер Сити» бұл турнирдегі екінші жеңісіне қол жеткізіп отыр, ал «Аль-Айн» екі матчтың екеуінде де жеңілді.

Ал топтағы жағдай мынадай: «Ювентус» пен «Сити» – 6 ұпайдан, «Видад» пен «Аль-Айн» – 0 ұпай. Келесі шешуші матчтар 26 маусымда өтеді: «Ювентус» – «Сити», «Видад» – «Аль-Айн».