13 млн жеңді: қазақ қызы Испаниядағы халықаралық турнирде чемпион атанды

13 млн жеңді: қазақ қызы Испаниядағы халықаралық турнирде чемпион атанды

фото: VCG/VCG via Getty Images. Суретте: Зарина Дияс

Бүгін, 22 маусымда қазақстандық теннисші Зарина Дияс Испанияның Тауст қаласында өткен ITF W35+H санатындағы халықаралық турнирде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Әлемдік рейтингте 275-орында тұрған 31 жастағы Зарина финалда италиялық Дилетта Черубинимен (дүниежүзілік рейтинг – 446) кездесіп, үш сетке созылған тартысты матчта 6:1, 6:7 (4:7), 6:1 есебімен басым түсті. Қос теннисші кортта 2 сағат 1 минут өнер көрсетті.

Бұл маусымда Зарина үшін бұл – екінші чемпиондық атақ. Бұған дейін мамыр айында ол Жапонияда өткен кілем жабындысындағы жарыста да жеңіске жеткен болатын.

Жалпы, Диястың ITF турнирлеріндегі титул саны 12-ге жетті. Бұдан бөлек, WTA деңгейінде де бір жарыста топ жарған. Енді жаңартылған WTA рейтингінде Зарина бірнеше саты жоғары көтеріледі деп күтілуде.

Айта кетейік, бұл турнирдің жалпы жүлде қоры 25 000 АҚШ долларын құраған. Чемпиондық атақпен қатар, Дияс рейтингтік ұпай мен қомақты сыйақыға да ие болды.