Словакия президенті Петер Пеллегрини әлемнің бірінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаны US Open турниріндегі жеңісімен жеке құттықтады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Пеллегрини теннисшіні президент сарайында қабылдап, Словакияның оның өмірі мен спорттық мансабындағы орнына тоқталды.
"Әлемнің бірінші ракеткасы Словакияны алты жылдан бері өзінің екінші үйі деп атайтынын білдіңіз бе? Иә, Елена Рыбакина Қазақстан атынан өнер көрсетеді, бірақ Словакия оның өміріндегі маңызды орындардың біріне айналды. Ол маңызды турнирлер алдында жыл сайын бізде жаттығу өткізеді. Словакия оның спорттық мансабының маңызды бөлігі саналады. Оны сарайда қабылдап, жетістігімен жеке құттықтау мүмкіндігіне ие болғаныма өте қуаныштымын", – деп жазды Пеллегрини әлеуметтік желіде.
Елена Рыбакина мансабында алғаш рет US Open турнирінің жеңімпазы атанды.
Финалда қазақстандық теннисші Арина Соболенконы 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңді.
Елена Рыбакина 2026 жылы ең көп табыс тапқан әйел теннисші атанды