Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 2026 жылғы маусымда әйелдер арасында турнирлерден ең көп жүлде қаржысын тапқан спортшы атанды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Биыл Рыбакинаның корттағы жалпы табысы 10,8 миллион долларды құраған. Осы көрсеткішпен ол ерлер мен әйелдерді қоса есептегендегі жалпы рейтингте үшінші орынға жайғасты. Қазақстандық теннисшіден жоғары Александр Зверев – 14,7 миллион доллар және Янник Синнер – 11,5 миллион доллар табыс тапқан.
Ал әйелдер арасында Рыбакина көш бастап тұр. Оның маусымдағы табысының едәуір бөлігі АҚШ ашық чемпионатындағы жеңісінің арқасында түскен. US Open биыл "Үлкен дулыға" жарыстары арасындағы ең ірі жүлде қорын ұсынған турнир болды.
Жалпы 2026 жылы 50 теннисші корттағы жүлде қорынан кемінде 2 миллион доллардан табыс тапты. Олардың 23-і әйел, 27-сі ер теннисші. Маусым соңына дейін спортшылардың табысын арттыруға мүмкіндік бар: қараша айында ATP және WTA қорытынды турнирлері өтеді.
US Open финалында Рыбакинадан жеңілген Соболенко айыппұл арқалады