АҚШ-тың "Интер Майами" клубы 2026 жылғы Кампеонес кубогының финалында Мехиконың "Крус Асуль" командасын жеңіп, турнир тарихында алғаш рет чемпион атанды. Финалда Лионель Месси гол соғып, кәсіби мансабындағы 49-трофейіне қол жеткізді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Шешуші кездесу Майамидегі Nu Stadium аренасында өтіп, алаң иелерінің 2:0 есебімен жеңісімен аяқталды.
Матчтағы алғашқы голды 24-минутта аргентиналық шабуылшы Лионель Месси соқты. Ал 81-минутта бразилиялық жартылай қорғаушы Каземиро есепті еселеп, команданың жеңісін нықтады.
Осылайша, "Интер Майами" өз тарихында алғаш рет Кампеонес кубогын иеленді.
Бұл турнирде Мексика чемпионаты мен Солтүстік Американың Major League Soccer лигасының қазіргі чемпиондары өзара кездеседі. Кампеонес кубогы 2018 жылдан бері өткізіліп келеді.
Аталған жеңіс Лионель Мессидің кәсіби футболдағы 49-трофейі болды. Сондай-ақ аргентиналық футболшы Кампеонес кубогының үздік ойыншысы деп танылды.
Бұдан бөлек, Месси "Интер Майами" сапындағы голдарының санын 100-ге жеткізді.
Ұлттық құрамамен қош айтысқан Лионель Месси командаға қайта шақырылды