Бокс

"Әлем боксы тарихындағы ең ұлы есімдердің бірі": Головкин Еуропа чемпионатына келді

Ахмет Қанатұлы
"Әлем боксы тарихындағы ең ұлы есімдердің бірі": Головкин Еуропа чемпионатына келді
Фото: Геннадий Головкин. Фото: By Ben McShane/Sportsfile via Getty Image

World Boxing президенті әрі кәсіпқой бокстан бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин Болгарияның София қаласына келді. Мұнда 17-25 қыркүйек аралығында бокстан Еуропа чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Болгария бокс федерациясы Instagram парақшасында Геннадий Головкин мен ұйым президенті Красимир Ининскийдің бірге түскен суретін жариялады.

"Әлем боксы тарихындағы ең ұлы есімдердің бірі – Геннадий Головкин (GGG) Софияға келді! Аңыз чемпион әрі World Boxing президенті Болгария бокс федерациясының президенті Красимир Ининскийдің арнайы қонағы болды. Бүгін Головкин "Асикс" аренасында өтетін ерлер мен әйелдер арасындағы Еуропа чемпионатының ашылу салтанатына қатысады", – делінген федерация жазбасында.

Софиядағы турнир European Boxing ұйымы өткізетін алғашқы Еуропа чемпионаты болмақ. European Boxing – World Boxing-тың Еуропадағы конфедерациясы.

Жарыста 40 ұлттық федерациядан келген 400-ден астам боксшы жүлде үшін таласады.

Геннадий Головкин даулы "Миротворец" базасына енгізілді: Оған не себеп болды?

Ахмет Қанатұлы