Спорт

Геннадий Головкин даулы "Миротворец" базасына енгізілді: Оған не себеп болды?

Ахмет Қанатұлы
Геннадий Головкин даулы "Миротворец" базасына енгізілді: Оған не себеп болды?
Фото: Геннадий Головкин. Фото: By Ben McShane/Sportsfile via Getty Image

World Boxing ұйымының президенті әрі Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің басшысы Геннадий Головкин украиналық "Миротворец" сайтының деректер базасына енгізілді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Головкин туралы мәлімет аталған ресурста 15 тамызда жарияланған.

Сайттағы ақпаратқа сәйкес, қазақстандық спорт функционерінің базаға енгізілуіне World Boxing ұйымының ресейлік боксшыларға қатысты шектеулерді алып тастау туралы шешімі себеп болған. Осы шешімнен кейін Ресей спортшылары халықаралық жарыстарда өз елінің туы мен ұлттық рәміздерін пайдаланып өнер көрсете алады.

"Миротворец" сайты 2014 жылдан бері жұмыс істейді. Онда ресурс авторлары Украина қауіпсіздігіне қатер төндіреді деп санайтын түрлі тұлғалар туралы мәліметтер жарияланып келеді. Тізімге әр жылдары журналистер, әртістер, саясаткерлер және басқа да қоғамдық тұлғалар енгізілген.

Еске сала кетейік, Геннадий Головкин 2025 жылдың қарашасында Римде өткен World Boxing конгресінде ұйым президенті болып бекітілген.

Бұған дейін бірінші ауыр салмақта WBC тұжырымы бойынша бұрынғы әлем чемпионы, ресейлік боксшы Григорий Дрозд қазақстандық Геннадий Головкин туралы пікір білдіріп, оны "терминатор" деп атаған еді.

Ахмет Қанатұлы