Бокс

5 баланың анасы Әйгерім Сәттібаеваға 1 миллион теңге сыйақы табысталды

Ахмет Қанатұлы
5 баланың анасы Әйгерім Сәттібаеваға 1 миллион теңге сыйақы табысталды
Фото: ашық дереккөзден

Бес баланың анасы, белгілі боксшы Әйгерім Сәттібаева Семейде өткен Қазақстан чемпионатында алтын медаль жеңіп алғаннан кейін Тараз қаласының спорт басқармасынан 1 миллион теңге көлемінде сыйақы иеленді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

14-21 қазан аралығында өткен ел біріншілігінде Әйгерім Сәттібаева 48 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, барлық қарсыласын ұтып, финалға жолдама алды. Шешуші кездесуде ол Әнел Құдайбергенді жеңіп, Қазақстан чемпионы атанды. Бұл – оның 15 жыл үзілістен кейінгі тарихи жетістігі.

Жеңісінен кейін Тараз қаласының спорт басқармасы спортшыны арнайы марапаттап, 1 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйақы табыстады.

Айта кетейік, биылғы Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері негізінде 2025-2026 жылдарға арналған ұлттық құрама жасақталмақ.

Әйгерім Сәттібаева – бес баланың анасы, ал оның жары Олжас Сәттібаев та кезінде кәсіби бокспен айналысқан.

Еске сала кетейік, Әйгерім Сәттібаева 2024 жылы Таиландта өткен Азия чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізген болатын.

Ахмет Қанатұлы