Яна Легкодимованы өлтіргені үшін өмір бойына сотталған Алтынбек Катимов пен Ризуан Хайыржанов қатаң режимдегі "Қара бүркіт" колониясына жеткізілді.
Ulysmedia.kz мәліметінше, Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті сотталғандардың заңға сәйкес жазасын өтеу орнына кезең-кезеңімен жөнелтілгенін растаған.
Апелляциялық сот шешімінен кейін олар екі айға жуық Атыраудағы тергеу изоляторында болған. Бұған өмір бойына сотталғандарды тасымалдау үшін арнайы күзет пен Ұлттық ұланның қатысуы қажет болғаны себеп.
Енді олар жазаларын өмір бойына бас бостандығынан айырылғандарға арналған, ерекше қатаң режимдегі "Қара бүркіт" колониясында өтейтін болады.