Шұғыл! Қылмысқа еш қатысы жоқ! Челах мерзімінен бұрын бостандыққа шығуы мүмкін

Шұғыл! Қылмысқа еш қатысы жоқ! Челах мерзімінен бұрын бостандыққа шығуы мүмкін

фото: Мұхит Сапарбаев/ekaraganda.kz

Владислав Челахтың адвокаты Гүлмира Шалдықова оның шартты түрде мерзімінен бұрын босату ықтималдығын жоққа шығармайтынын айтты.

Заңнамадағы өзгерістерге сәйкес, енді өмір бойына сотталғандар да шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға (УДО) өтініш бере алады.

Адвокаттың сөзінше, Челах үшін жазаны жеңілдетудің кез келген мүмкіндігі маңызды.

"Оның жазасын жеңілдететін кез келген нұсқа қолайлы. Тіпті бұл УДО болса да. Себебі ол заңсыз түрде бостандықтан айырылып,  ұсталып отыр. Ол, шын мәнінде, сол кездегі жағдайлардың құрбаны. Ол атылған адамдардың арасында тірі қалып қалды", – деді ол.

Сонымен қатар, қорғаушы Челахтың ісін қайта қарауға дайын екенін жеткізді.

"Менің 20 жылдық тәжірибем, қаншама қылмыстық істермен айналысқаным, оның бұл қылмысқа қатысы жоқ екенін көрсетіп отыр. Оны алғаш ұстағанда-ақ ол: "Мен бұл қылмысты жасаған жоқпын, қатысым жоқ" деді. Ол оқиға болған кезде шекара заставасынан кеткен. Өрт қойылып, атыс болғанда ол жерде болмаған. Жалпы алғанда, кезінде бұл іс саясиландырылды, сондықтан оған сондай реңк берілді. Мұны бәріңіз жақсы білесіздер. Бұл істі ҰҚК өз бақылауда ұстаған", – деді қорғаушы.