Үнсайд

Атыраудағы қанды қылмыс: тергеу жаңа ауыр деректерді ашты

Admin
Атыраудағы қанды қылмыс: тергеу жаңа ауыр деректерді ашты
Фото: ашық дереккөзден

Атырау облысында бір отбасының қаза табуына қатысты тергеу барысында жаңа мәліметтер белгілі болды. Бұл туралы "Астана" телеарнасы хабарлады.

Облыстық прокуратура өкілдерінің мәліметінше, қылмыс аса қатыгездікпен жасалған. Прокурор көмекшісі Жандар Болатбектің айтуынша, күдікті Қарабалиндер отбасына қарсы ерекше қатал әрекет еткені анықталған.

Сараптама қорытындыларына сәйкес, марқұмдардың әрқайсысының денесінде бірнеше кесілген және тесілген жарақаттар болған. Мамандар барлық жәбірленушілердің денесінен ас үй пышағымен салынған алтыдан астам жарақат тапқан. Бұл жарақаттар кеуде, мойын және ішкі ағзалар аймағында тіркелген.

Құзырлы органдардың дерегінше, дәл осы ауыр жарақаттар өлімнің негізгі себебі болған.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр. Іс құқық қорғау органдарының ерекше бақылауына алынып, барлық мән-жай толық анықталуда.

Белгілі болғандай, күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев өткен жылдың мамыр айында балдызы Наурызды өлтірген. Сол уақытта марқұм "жұмысқа қалаға кетті" деген ақпарат тараған.

Admin
Автор Admin