Үнсайд

Атырау облысындағы трагедия: Белгілі журналист желідегі парақшасында жазба жариялады

Admin
Атырау облысындағы трагедия: Белгілі журналист желідегі парақшасында жазба жариялады
Фото: ашық дереккөзден

Атырау облысында орын алған қайғылы оқиғаға қатысты тың мәліметтер жарияланып, қоғамда қызу талқылануда. Белгілі болғандай, күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев өткен жылдың мамыр айында балдызы Наурызды өлтірген. Сол уақытта марқұм "жұмысқа қалаға кетті" деген ақпарат тараған.

Араға шамамен алты ай салып, қараша айында ол отбасының тағы үш мүшесін – ата-енесі мен Мирамкүлді өлтіргені айтылып отыр. Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды.

Журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желідегі парақшасында осы жағдайға қатысты пікір білдірді. Оның жазуынша, марқұмдардың қызы Ақбаян қазіргі уақытта Алматыдағы республикалық психиатриялық мекемеде тексеруден өтіп жатыр.

"Ақбаян 5-ші баласы барын білмейді. Сұлтан Сәрсемәлиев балдызы Наурызды өткен жылдың мамыр айында пышықтап өлтірген. Туысы Әсиләнің "алдымен Наурыз қалаға жұмысқа кетті" дегені осы кез болып тұр. Отбасының қалған 3 адамын (ата-енесі мен Мирамкүлді) араға 6 ай салып қарашада өлтіріп тынған екен. Ақбаян болса қазір Алматыда, респб. психо-диспансерде тексерілуде. Өзіне тамақ апарған жаннан ата-анасына сәлем жолдап, Наурызды сұрап қояды деседі. Балаларының тек төртеуі есінде, 5-ші баласын туғанын білмейді.

P.S. Мен ойлаймын да; тергеу, сұрақ, экспертиза деп тасып есін шығармай, елге әкелгенде ең бірінші балаларымен жолықтыру керек еді. Бала деген бүкіл дерттің емі ғой…" – делінген журналистің жазбасында.

Бұған дейін Атырау облысында бір отбасының қаза табуына қатысты қылмыстық іс бойынша жаңа деректер белгілі болған еді.

Admin
Автор Admin