LDUBB Boxing YouTube-арнасының авторы әрі инсайдер Буг Уильямс WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы алдағы күндері бір немесе екі титулынан айырылуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Желтоқсан айында алынған допинг сынамасы Жәнібек Әлімханұлының ағзасынан тыйым салынған мельдоний препаратының барын көрсеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, 8 қаңтар күні "B" сынамасы ашылады. Егер оның нәтижесі де оң болып шықса, Жәнібек Әлімханұлына қатысты санкциялар қолданылуы ықтимал.
Уильямстың оқырмандарының бірі мұндай жағдайда IBF өзіне тиесілі, қазір вакант болып тұрған чемпиондық белбеуді 31 қаңтарда өтетін WBC чемпионы Карлос Адамес пен Остин Уильямс арасындағы жекпе-жекке қоюы мүмкін деген болжам айтты.
Оған жауап ретінде Буг Уильямс:
"Көре жатармыз. Жәнібек келесі аптада титулынан айырылуы мүмкін", – деп жазды.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлының допинг сынамасының оң нәтижесі оның 7 желтоқсанда АҚШ-та өтуі тиіс болған Эрисланди Лараға қарсы жекпе-жегінің өтпей қалуына себеп болды. Ол кездесуде үш бірдей чемпиондық белбеу сарапқа салынуы тиіс еді.