фото: instagram/janibek_alimkhanuly. Суретте: Жәнібек Әлімханұлы
Қазақ боксшысы, WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы өзінің ағзасынан допинг табылғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
The Ring басылымының мәліметінше, VADA жүргізген тексерістен кейін Жәнібек Әлімханұлының сынамасынан тыйым салынған зат бойынша күмәнді нәтиже анықталған.
Боксшы бұл жаңалыққа қатысты X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісінде жазба қалдырды:
"Мен әрқашан таза спортты қолдадым, мұны бәріңіз білесіздер. Жаңалық шыққанда қатты таңғалдым. VADA алғашқы тесттен бәрінің таза екенін хабарлаған еді. Мен өзімнің витамин қабылдау режимімді еш өзгерткен жоқпын. Екінші тестте не орын алғанын түсінбеймін, сол себепті оның қайта тексерілуін талап еттім", – деп жазды ол.
Еске сала кетейік, 7 желтоқсан күні Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-тың Техас штатындағы Сан-Антонио қаласында орналасқан Frost Bank Center аренасында WBA чемпионы кубалық Эрисланди Ларамен біріккен титул үшін жекпе-жек өткізуі тиіс болған.