Головкиннің мысы басып тұр: Әлем елдері World Boxing президентіне алғыстарын айтып жатыр

Головкиннің мысы басып тұр: Әлем елдері World Boxing президентіне алғыстарын айтып жатыр

фото: olympic.kz. Суретте: Геннадий Головкин

Еуропада Геннадий Головкиннің IBA-ға қарсы ықпалы ресми түрде атала бастады. Беларусьтің Sb.by порталы Дубайда өткен IBA әлем чемпионатының қорытындысын шығарып, бұл турнирге Қазақстан бокс құрамасының қатысқанын атап өтті, деп хабарлайды Sportinside.kz.

"Әзірге қомақты қаржы да, кең география да IBA-ға World Boxing ұйымының экспансиясына төтеп беруге мүмкіндік беріп отырған жоқ. Бұл – World Boxing деп аталатын, Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) қамқорлығындағы жаңа халықаралық федерация. Жақында World Boxing президенті болып танымал қазақ боксшысы Геннадий Головкин сайланды. Сондықтан Дубайдағы жарыстар барысында және одан кейін, соның ішінде орыс тілді баспасөзде, IBA әлем чемпионаты ТМД чемпионатына айналды деген сарындағы көптеген материалдың пайда болуы таңғаларлық емес. Осы арқылы жанжалға батқан IBA-дан кетіп, World Boxing-ке өткендердің дұрыс шешім қабылдағаны айтылуда", – деп жазады портал.

Айта кетейік, IBA ұйымдастырған әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық медаль есебінде екінші орын алды. Турнирдің көшбасшысы – Ресей, ал үшінші орын Өзбекстан еншісінде.