фото: McShane/Sportsfile via Getty Images. Суретте: Сәкен Бибосынов
Қазақстан ұлттық құрамасы Дубайда өткен әлем чемпионатын жалпыкомандалық есепте екінші орынмен аяқтады. Отандық боксшылар төрт финалдың үшеуінде жеңіске жетіп, топ-жарды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Құрама қоржынында – 3 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль.
Әлем чемпиондары атанғандар: Сәкен Бибосынов (54 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг), Абылайхан Жүсіпов (71 кг).
Сабыржан Аққалықов (75 кг) финалда қарсыласына есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды. Ал Теміртас Жүсіпов (48 кг) пен Ертуған Зейнуллинов (63,5 кг) қола медаль еншіледі.
Жалпы командалық есеп:
- Ресей – 7 алтын, 5 күміс, 1 қола
- Қазақстан – 3 алтын, 1 күміс, 2 қола
- Өзбекстан – 2 алтын, 4 күміс, 3 қола
- Әзірбайжан – 1 алтын, 2 қола
- Қырғызстан – 1 күміс, 1 қола
- Тәжікстан – 1 күміс, 1 қола
- Беларусь – 1 күміс
- Армения – 5 қола
- Грузия – 2 қола
- Замбия, Испания – 2 қола
- Непал, Молдова, Мали, Түрікменстан, Куба – 1 қола