фото: sportinside.kz коллажы
Бокстан екі дүркін әлем чемпионы Махмұд Сабырханның жеке өміріне қатысты даулы мәселе жалғасын тапты, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Естеріңізге сала кетейік, танымал боксшы Махмұд Сабырхан 2024 жылдың қыркүйек айында Назым есімді аруға үйленіп, шаңырақ көтерген еді. Алайда Махмұд жақында екінші рет шаңырақ көтеріп, көпшілік арасында қызу талқыға түсіп кеткен. Боксшының алған екінші жары – Айғаным есімді ару.
Осыдан кейін Айғаным Ержігітқызы Instagram желісіндегі ресми парақшасында оқырмандарының "Назыммен неге ажырасты?" деген сұрағына жауап берді.
"Махмұд оынмен ажырасамын деп отбасын құрған жоқ, перондайы ойы да болмаған. Маған бәрін түсіндіріп берген. Назым өзі кеткісі келген, кетті. Махмұд оған қанша түсіндіргісі келген, түсінбеген. Папасына да: "Қызыңыз кетем деп жатыр, қой, қызым, демейсіз бе?" – деп айтқан. Соңында папасы: "Болды, талағыңды бер де, өміріне араласпа", – деп жазған", – дейді Айғаным Ержігітқызы.
Ал осыдан кейін бұл Stories-ті көрген боксшының бірінші жары Назым Мырзағалиқызы Instagram желісінде жауап береді.
"Переписканы толық білмей, бір бөлігін кесіп алып, халыққа жариялау өсек емес, ол – заңбұзушылық. Әр сөздің салмағы бар. Ал әділдік өз орнын табады", – деп жазды Назым Мырзағалиқызы.
Қазіргі уақытта Айғаным Ержігітқызы бұл жазбасын желіден алып тастаған.
