Былтыр ғана үйленген: Махмұд Сабырханның алғашқы жары туралы не білеміз?

Былтыр ғана үйленген: Махмұд Сабырханның алғашқы жары туралы не білеміз?

фото: ашық дереккөзден

Қазақтың талантты боксшысы, екі дүркін әлем чемпионы Махмұд Сабырхан 2024 жылы Париж Олимпиадасынан кейін шаңырақ көтерген еді. Сол сәттен бастап спорт жұлдызының жеке өмірі жұрт назарынан тыс қалған жоқ, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Махмұд Сабырхан "Бірінші бол" бағдарламасына берген сұхбатында үйлену шешімін Олимпиададан кейін қабылдағанын айтқан. Ол жары мен анасын тағдырдың бір сыйы деп сипаттайды:

"Олимпиададан кейін үйленіп алайын деп шештім. Әйелім мен анам бір күнде туған. Астанада Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жек кешінде анам 50 жасқа, келіншегім 20-ға толды", – дейді боксшы.

Махмұд Сабырханның алғашқы жары – Назым Мырзағалиқызы, текті әулеттен шыққан, тәрбиелі қазақ қызы. Әлеуметтік желілерде оның сымбаттылығы мен инабаттылығын көрген жұрт көп мақтап, "нағыз қазақ қызының бейнесі" деп атаған болатын.

Жас жұбайлардың ұзату тойы Шымкент қаласында 2024 жылдың 7 қыркүйегінде өткен. Той көріністері мен бейнежазбалары әлеуметтік желілерде кеңінен таралып, спорт жанкүйерлері жас отбасыға бақыт тілеген еді.

Боксшының айтуынша, оның жары мен анасы бір күнде дүниеге келген. Сондай-ақ, жарының руы – Шегір, ал боксшының нағашы жағы да Шегірлер екен. Сондықтан ол:

"Әкеммен бажа болдым", – деп әзіл-шыны аралас еске алады.

Айта кетейік, кеше екі дүркін әлем чемпионы Махмұд Сабырхан екінші рет шаңырақ көтергені туралы ақпарат тарады. Әлеуметтік желілерде спортшының жаңа отбасылық қуанышы жайлы видео тарады. Онда қалыңдық Айғаным Ержігітова өз тойынан естелік бейнематериалдар бөліскен.