фото: ашық дереккөзден
Бокстан екі дүркін әлем чемпионы Махмұд Сабырханның экс-жұбайы әлеуметтік желіде жаңа суреттерін жариялады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Боксшының бұрынғы жұбайы Назым Мырзағалиқызы 1 апта бұрын әлеуметтік желіге жаңа суреттерін жариялады. Бұл суреттерден оның жаңадан босанғанын білуге болады. Суретте кішкентай сәбидің бейнесін де көруге болады.
Сондай-ақ ол бұл жазбаға "Әлем" деп жазған.
Еске сала кетейік, 31 қазанда қазақтың танымал боксшысы, екі дүркін әлем чемпионы Махмұд Сабырхан екінші рет шаңырақ көтергені туралы хабар тарады. Әлеуметтік желіде спортшының жаңа отбасылық қуанышы жайлы видео жарияланды. Онда қалыңдық Айғаным Ержігітова өз тойынан естелік бейнематериалдар бөліскен.
