"Бірінші әйелі 1 апта бұрын босанған": Махмұд Сабырхан екінші рет шаңырақ көтерді (ВИДЕО)

"Бірінші әйелі 1 апта бұрын босанған": Махмұд Сабырхан екінші рет шаңырақ көтерді (ВИДЕО)

фото: ашық дереккөзден

Қазақстандық танымал боксшы, екі дүркін әлем чемпионы Махмұд Сабырхан қайтадан үйленді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Әлеуметтік желілерде спортшының жаңа отбасылық қуанышы жайлы видео тарады. Онда қалыңдық Айғаным Ержігітова өз тойынан естелік бейнематериалдар бөліскен.

Белгілі болғандай, Махмұд Сабырхан бұған дейін 2023 және 2025 жылдары әлем чемпионы атанып, Париж Олимпиадасында 57 келіге дейінгі салмақта сынға түскен еді.

Айта кетейік, боксшы бұған дейін Назым Мырзағалиқызы есімді қызға үйленіп, отбасында бір ұл бала тәрбиелеп отырған болатын.

Admin
Admin
Автор