фото: sportinside.kz коллажы
"Қазақстан барысы" турнирінің 3 дүркін жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаевтың әзіл-қалжыңға құралған видеосы желіде тарап кетті, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Видеода Бейбіт Ыстыбаев әлеуметтік желіде "Тишон" есімімен танымал блогерді көкпардағы серкедей тартқылап жатыр. Көпшілік бұл видеоға күле қарап, әзіл ретінде қабылдады.
Айта кетейік, Бейбіт Ыстыбаев қазақ күресінен "Қазақстан барысы" турнирінің үш дүркін жеңімпазы (2012, 2015, 2016) атанған. Сондай-ақ ол аталмыш турнирде 2011 жылы күміс жүлдені қанжығасына байлаған.