фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash. Суретте: Геннадий Головкин мен Димаш Құдайберген
Танымал әнші Димаш Құдайберген әйгілі боксшы Геннадий Головкиннің World Boxing халықаралық федерациясы президенті қызметіне кандидатурасын ұсынуына байланысты қолдау білдірді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
"Біздің даңқты жерлесіміз Геннадий Головкин бүгін халықаралық World Boxing федерациясының президенті лауазымына өз кандидатурасын ұсынатынын бөлісті. Мен әрдайым оның мақсаткерлігіне, рухының мықтылығына және елімізге деген адалдығына тәнтімін. Көп жылдар бойы ол Қазақстанның беделін әлемдік аренада асқақтатты, енді бокстың жаһандық имиджін нығайту жолында еңбек етпек. Чемпионымызды қолдайық", – деп жазды әнші өзінің Instagram парақшасында.
Айта кетейік, бүгін World Boxing ұйымының президенттігіне ресми кандидаттар жарияланды. Бұл лауазымға екі үміткер тіркелді – Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин және Грекия бокс федерациясының басшысы Харилаос Мариолис.