фото: olympic.kz. Суретте: Серік Теміржанов
Семей қаласында өтіп жатқан бокстан Қазақстан чемпионатының финалдық жекпе-жектері жалғасуда, деп хабарлайды Sportinside.kz.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль үшін тартысты кездесу өтті. Бұл бәсекеде Жамбыл облысының атынан сынға түскен Бибарыс Жексен мен Павлодар облысының өкілі Серік Теміржанов рингке шықты.
Күш пен техникаға толы жекпе-жекте төрешілердің шешімімен жеңіс Серік Теміржановқа берілді. Осылайша, ол Қазақстан чемпионатының алтын жүлдегері атанса, Бибарыс Жексен күміске қол жеткізді.
Айта кетейік, Серік Теміржанов – әлем және Азия чемпионаттарының күміс жүлдегері, сондай-ақ 2020 жылғы Токио Олимпиадасының қатысушысы.
Ал Бибарыс Жексен биыл Ливерпульде (Англия) өткен World Boxing әлем чемпионатында Қазақстанның намысын қорғап, төрттік финалға дейін жеткен болатын.