фото: sportinside.kz коллажы
"Қайрат" футбол клубының жас қақпашысы Шерхан Қалмырза өзінің сүйіктісіне ерекше сыйлық жасады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Шерхан Қалмырза өзінің сүйіктісі Самираға 601 роза сыйлап, ерекше тосынсый жасады.
"Қайрат" футбол клубының 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмырза Қазақстанның ең атақты футболшысы, 2017 жылы мансабын аяқтаған Самат Смақовтың қызы – 20 жастағы блогер Самира Смақовамен сөйлесетіні белгілі болды.
Самира биыл наурыз айында 20 жас толған. Ал Шерханнан ол екі жасқа үлкен.
Айта кетейік, Самира әлеуметтік желілерді белсенді жүргізеді. Алайда оның Instagram-парақшасында Шерханмен бірге түскен бірде-бір сурет немесе видео жоқ. Мұндай жазбаларды ол тек TikTok-та жариялап отырады. Белгілі болғандай, Шерхан мен Самираның сөйлесіп жүргеніне 1,5 жыл болыпты.