Атақты футболшының қызы: Шерхан Қалмұрзаның өзінен 2 жас үлкен сүйіктісі кім?

Атақты футболшының қызы: Шерхан Қалмұрзаның өзінен 2 жас үлкен сүйіктісі кім?

фото: zakon.kz коллажы

"Қайрат" футбол клубының 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмұрза Қазақстанның ең атақты футболшысы, 2017 жылы мансабын аяқтаған Самат Смақовтың қызы – 20 жастағы блогер Самира Смақовамен сөйлесетіні белгілі болды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Самира биыл наурыз айында 20 жас толған. Ал Шерханнан ол екі жасқа үлкен.

30 қыркүйекте Самира мыңдаған жанкүйерлермен бірге Алматыдағы Орталық стадионға барып, сүйіктісін "Реал Мадридке" қарсы ойында қолдады. Ол Instagram-Stories парақшасында тарихи кездесуден бірнеше бейнеролик жариялады.

"Сен мен үшін әрдайым үздіксің. Нәтиже қандай болса да, сен менің №1-імсің! Өте қатты мақтанамын", – деп ойын басталар алдында ол Шерханға жүрекжарды сөздерін жеткізді.

Ойын соңында Смақовтың қызы Шерханның "Реалдың" жұлдызды қақпашысы Тибо Куртуаға жейдесін сыйға беріп, кейін алаңнан өзіне қол бұлғаған сәтін де көрсетті.

Айта кетейік, Самира әлеуметтік желілерді белсенді жүргізеді. Алайда оның Instagram-парақшасында Шерханмен бірге түскен бірде-бір сурет немесе видео жоқ. Мұндай жазбаларды ол тек TikTok-та жариялап отырады. Белгілі болғандай, Шерхан мен Самираның сөйлесіп жүргеніне 1,5 жыл болыпты.