фото: instagram.com/daznboxing
Қазақстандық танымал боксшы Әбілхан Аманқұл Семейде өтіп жатқан ел чемпионатында бақ сынайды, деп жазады Sportinside.kz.
Бұл туралы спорт журналисі Аслан Қаженов хабарлады.
"Бүгін Семейде бокстан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды. Бас-аяғы 371 қатысушы тіркеуден өткен. Оның ішінде Әбілхан Аманқұл да бар. Ол әуесқой боксқа ұзақ үзілістен кейін оралып отыр. Жамбылдық жігіт 85 келіде сынға түседі. Айта кетейік, Әбілхан 2017 жылы Әлем чемпионатының күміс және Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. Токио олимпиадасына қатысты. Артынша, кәсіпқой боксқа ауысып, он кездесу өткізіп үлгерді. Енді араға осынша уақыт салып, қайтадан ел чемпионатында бақ сынамақ. Сәттілік", – деп жазды Аслан Қаженов.