фото: sportinside.kz коллажы
"Қайрат" клубының қақпашысы Шерхан Қалмұрзаның анасы желіде жаңа видео жариялады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
18 жастағы Шерхан Қалмұрзаның анасы Сәуле Рабаева Instagram желісіндегі ресми парақшасында "болашақ келіні" Самира Смақовамен түскен видеосын жариялады. Екеуі бір-бірінің сұлулығына тамсанып, шаттанып тұрғанын көруге болады.
Айта кетейік, ардагер футболшы Самат Смақовтың қызы Самира Смақова мен "Қайрат" клубының қақпашысы Шерхан Қалмұрза біраз жылдан бері көңіл жарастырып жүргені туралы ақпар әлеуметтік желіде тарады.