фото: ашық дереккөзден
Ардагер футболшы Самат Смақовтың қызы Самира Смақова мен "Қайрат" клубының қақпашысы Шерхан Қалмұрза біраз жылдан бері көңіл жарастырып жүргені туралы ақпар әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Шерхан "Ақтөбеге" қарсы ойында алаңға шыққан кезде, Самира желіде сүйіктісін ерекше жылы сөз жазып, қолдаған.
"Дебютіңмен құттықтаймын, менің Шерам!" – деп жазды ол.
Самира сүйіктісінің есімі жазылған жейдені мақтанышпен киіп жүреді. Ал Шерхан жуырда Самат Смақовтың отбасына барып, алма теруге көмектескені де белгілі болды.
TikTok желісінде бұл жұптың видеолары үлкен қызығушылық тудырып, қолданушылар жылы пікірлер қалдырып жатыр.
"Керемет жұп! Нағыз махаббат!" – деп жазғандар көп, ал кей қыздар "Футболшының сүйіктісі болу үшін не істеу керек?" деп әзілдеген.
Ең әсерлісі – Самира мен Шерханның махаббаты спортшының даңқы аспандамай тұрып-ақ басталған. Ол кезде Шерхан клубтағы үшінші қақпашы болатын. Алайда аз уақыт ішінде ол Чемпиондар лигасында ең жас қақпашы атанып, оның жасаған сейвтері Еуропаның үздік ойыншыларымен теңесті.