"Ондай сыйлықты алмас едім": 5 гол жіберген Шерханды әріптесі сынап тастады

"Ондай сыйлықты алмас едім": 5 гол жіберген Шерханды әріптесі сынап тастады

фото: instagram.com/kallmurza. Суретте: Шерхан Қалмұрза

Мәскеудің ЦСКА клубының қақпашысы Владислав Тороп «Қайрат» командасының жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Ол қазақ қақпашысының "Реалдан" 0:5 есебімен жеңілгеннен кейін сыйға алған көлігіне сын айтты.

"Қалмұрзаға "Реалмен" ойында 0:5 есебімен жеңілгеннен кейін көлік сыйлаған екен. Егер біз "Барселонамен" ойнап, осындай нәтиже көрсетсек, мен мұндай сыйлықты қабылдамас едім", – деді Тороп.

Еске сала кетейік, кеше ғана 18 жастағы Шерхан Қалмұрза ерекше құрметке ие болды. Оған кәсіпкер Ұлықбек Шарипов заманауи Exeed маркалы көлік сыйға тартқан болатын.