Сүйінші, ағайын! "Қайраттың" жас қақпашысына темір тұлпар сыйлады (ВИДЕО)

Сүйінші, ағайын! "Қайраттың" жас қақпашысына темір тұлпар сыйлады (ВИДЕО)

фото: madeniportal.kz коллажы

Tанымал кәсіпкер, "Shoqan" ерлер киім брендінің негізін қалаушы Ұлықбек Шарипов "Қайраттың" 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға көлік сыйлады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Бизнесмен жас спортшыны арнайы шақырып, тосынсыйын табыс етті. Ал Шерхан бұл сәтте толқып, қуанышын жасыра алмады.

"Бүкіл ел сені қолдайды", – деп жазды Шарипов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Желі қолданушылары да дарынды қақпашыны құттықтап, жылы пікірлерін қалдырды.

Айта кетейік, Шерхан Қалмұрза – "Қайрат" клубының жас қақпашысы. Жақында ғана мадридтік "Реалға" қарсы ойында бірнеше қауіпті соққыны қайтара біліп, жанкүйерлердің ерекше ықыласына бөленген болатын.