Қазақ баласы әлемдік додада сенсация жасап, тарихи жеңіске жетті

Қазақ баласы әлемдік додада сенсация жасап, тарихи жеңіске жетті

фото: instagram.com/zhukayev. Суретте: Бейбіт Жұқаев

Қазақ теннисшісі Бейбіт Жұқаев (АТР рейтингінде 210-орын) Шанхайда (Қытай) өтіп жатқан турнирде сәтті өнер көрсете бастады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Іріктеу сынының жартылай финалында Бейбіт Жұқаев америкалық Колтон Смитпен (135-орын) кездесіп, екі сетте де тай-брейкте сенсациялық жеңіске жетті – 7:6 (7:3), 7:6 (7:5). Негізгі кезеңге жолдама үшін Бейбіт аустралиялық Тристан Скулкейтпен (100-орын) күш сынасады.

Айта кетейік, Шанхай турнирінің жүлде қоры – 9 193 540 АҚШ доллары. Жекелей сынның жеңімпазы 1 124 380 доллар мен 1000 рейтингтік ұпай иеленеді. Қазіргі чемпион – италиялық Янник Синнер (2-орын).