"Қайрат" – "Реал" матчына Назарбаев келеді: Клуб ресми мәлімдеме жасады

"Қайрат" – "Реал" матчына Назарбаев келеді: Клуб ресми мәлімдеме жасады

фото: elbasy.kz. Суретте: Нұрсұлтан Назарбаев

Кейбір БАҚ-та 30 қыркүйекте өтетін "Қайрат" – "Реал" матчына Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасы келуі мүмкін деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Жаңалықтарда "Қайрат" клубының иесі Қайрат Боранбаев оларды ойынға шақырғаны айтылды.

"Орда" редакциясы бұл мәліметтің рас-өтірігін анықтау үшін "Қайрат" клубының баспасөз қызметіне жүгінді.

"Қайрат" футбол клубының басшылығы атынан аталған тұлғаларға шақырту жасалды деген ақпарат шындыққа жанаспайды", – деп мәлімдеді клуб өкілдері.

Сонымен бірге, баспасөз қызметі кез келген жанкүйер билет сатып алып, ойынға қатыса алатынын еске салды.

Айта кетейік, 30 қыркүйекте "Қайрат" алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде Еуропаның ең мықты клубтарының бірі – мадридтік "Реалға" қарсы өз алаңында ойнайды. Ал кәсіпкер Тұрсын Алагөзов "Қайрат" футболшылары жеңіске жетсе, әрқайсысына автокөлік сыйлайтынын айтты.