"Әрқайсысына көлік": Баянның күйеуі "Қайрат" футболшыларына сый жасамақшы (ВИДЕО)

"Әрқайсысына көлік": Баянның күйеуі "Қайрат" футболшыларына сый жасамақшы (ВИДЕО)

фото: әлеуметтік желіден

Қазақстандық кәсіпкер Тұрсын Алагөзов "Қайрат" футбол клубының ойыншыларына автокөлік сыйлайтынын айтты, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Бұл туралы ол жұбайы – продюсер әрі актриса Баян Алагөзова 20 қыркүйекте Instagram парақшасында жариялаған бейнежазбада мәлімдеді.

"Қымбатты қазақстандықтар! Бүгін – Алматы күні. Барлық патриот сияқты мен де білемін, он күннен кейін біздің сүйікті "Қайрат" пен "Реал Мадрид" кездеседі. Сондықтан республиканың патриоты ретінде және өз туған күнім қарсаңында, егер "Қайрат" жеңіске жетсе, ойнаған барлық футболшыға бір-бір автокөліктен сыйлаймын деп уәде беремін. Алматы – әлемнің астанасы, "Қайрат" – чемпион!" – деді Тұрсын Алагөзов.

Айта кетейік, алматылық "Қайрат" 30 қыркүйекте өз алаңында мадридтік "Реалды" қабылдайды.