Қазақ боксшысы Аида Әбікеева Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан World Boxing ұйымының әлем чемпионатында финалдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Аида Әбікеева өзбек қызы Навбахор Хамидовамен кездесу өткізді. Алғашқы екі раунд нәтижесінде қазақ қызы артта келе жатты. Алайда үшінші раундта күш қосып, өзбек қызына қарсылық танытып, жеңісті жұлып алды. Нәтижесінде Аида Әбікеева 3:0 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Аида Әбікеева жыл басында Сербияда өткен әлем чемпионатында топ жарған болатын.
Сондай-ақ бұған дейін ерлер құрамасы сапынан Санжар Тәшкенбай (50 кг) мен Махмұд Сабырхан (55 кг) алтын медаль еншіледі. Ал әйелдер құрамасы сапынан Алуа Балқыбекова (51 кг) чемпион атанса, Назым Қызайбай (48 кг) күміс жүлдені қанжығасына байлады. Сондай-ақ Виктория Графеева (60 кг) мен Елдана Тәліпова (+80 кг) қола медальді иеленді.