Қазақ боксшысы Алуа Балқыбекова Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан World Boxing ұйымының әлем чемпионатында финалдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Алуа Балқыбекова түрік қызы Бусеназ Чакыроглумен кездесу өткізді. Нәтижесінде Алуа Балқыбекова қарсыласын төрешілердің шешімімен (5:0) жеңіске жетті.
Айта кетейік, Алуа Балқыбекова – 2021 және 2022 жылдардың екі дүркін Азия чемпионы. Сондай-ақ ол әлем біріншіліктерінде бірнеше рет жүлдегер атанды: 2022 жылы – күміс, 2023 жылы – қола, ал 2025 жылы – алтын медаль иегері.
Сондай-ақ бұған дейін ерлер құрамасы сапынан Санжар Тәшкенбай (50 кг) мен Махмұд Сабырхан (55 кг) алтын медаль еншіледі. Ал әйелдер құрамасы сапынан Назым Қызайбай (48 кг) күміс жүлдені қанжығасына байласа, Виктория Графеева (60 кг) мен Елдана Тәліпова (+80 кг) қола медальді иеленді.