фото: Спортты дамыту дирекциясы. Суретте: Нұрқожа Қайпанов
Қазақ балуаны Нұрқожа Қайпанов Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатындағы ширек финалдық кездесуін өткізді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
70 кг дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан Нұрқожа Қайпанов жарыстың ширек финалында мексикалық Остин Гомеспен кездесіп, 10:8 есебімен жеңіске жетті. Белдесудің алғашқы айналымында қазақ балуаны 0:6 есебімен ұтылып жатты. Алайда кездесудің екінші бөлігінде Нұрқожа барын салып, есепті 10-ға дейін жеткізіп тастады.
Бұған дейін аса ауыр салмақтағы балуан Әлішер Ерғали дәл осы әлем чемпионатындағы алғашқы белдесуінде жеңіліп қалды.